"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі тазалық сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы табиғат паркі инспекторлары мәлімдеді.
"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі "Адамтас" мемлекеттік табиғи қаумалының мемлекеттік инспекторлары, "Кендірлі" шекара қызметкерлерімен бірге, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бірлескен рейдтік-бақылау жұмыстарын ұйымдастырып, теңіз жағалауындағы демалушыларға, тазалық сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді", - деді парк басшылығы.
Бұған дейін паркке қарасты қаумал ауматарында бұлақ көздерін тазалау жұмыстары жүргізілген болатын. "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Мыңберген Қаратауов кешенді жұмыстар нәтижесінде 52 бұлақ көзі аршылғанын атап өтті.
Аталған су көздерінен дала жануарлары су ішеді. Осы арқылы түз тағыларының басқа жаққа ауып кетуінін алдын алу шаралары жасалып отыр.
Сондай-ақ, Қызылсай паркінде мекен ететін арқарлардің төлдеу маусымы аяқталуға жақын. Осы орайда инспекторлар парктегі тыныштықты қамтып, көлік, мотоцикл секілді техникалардың кіруіне тосқауыл қойып отыр.